Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Еліміздегі 20 ЖОО базасына жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау бағдарламасы енгізілді

28-01-2025, 18:10 Думан Кенжеғазыұлы
Қазақстанда 20 жоғары оқу орнының базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау қолға алынды.
Бұл туралы Прездиент қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр мәлімдеді. Бұдан бөлек, Олжас Бектеновтің айтуынша, елімізде «Болашақ» бағдарламасы аясында жеке квота енгізілген. 
Айта кетейік, бұл бағытқа Қазақстан басшылығы ерекше көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Сондай-ақ  «AI-Sana» бағдарламасы енгізілді. Оның аясында биыл 100 мың студентке экономиканың түрлі саласына ЖИ енгізу бойынша қолданбалы дағдылар оқытылады. 
Astana Hub табысты стартап-жобалар дайындайтын тиімді алаңға айналды. Бүгінде онда өнімдерін әлемнің  түрлі еліне экспорттайтын 1,6 мыңға жуық IT-компания тіркелген. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив