Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
519.28 540.05 5.31

Президенттің тапсырмалары: Мәулен Әшімбаев Сенат жұмысының басым бағыттарын белгіледі

Кеше, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

Отырысты ашқан Палата Төрағасы алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген міндеттерге тоқталды. Мәулен Әшімбаев азаматтардың әл-ауқатын арттыру және дамыған, инклюзивті, ашық Қазақстан қалыптастыру үшін қолға алынған шараларды іске асыру жолында барлық қазақстандықтың күш-жігерін біріктіру аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының реформалар бағдарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету Сенат қызметінің негізгі басымдығы болып қала беретінін айтып, Палата жұмысының алдағы басым бағыттарына назар аударды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің алдағы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды бағыттарды белгілеп берді. Мемлекет басшысы берген тапсырмалар қатарында салық-бюджет саясатын реформалауды көздейтін жаңа Бюджет және Салық кодекстері бар. Сондай-ақ Парламент Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және цифрлық активтерді қолдану аясын кеңейту үшін инфрақұрылым құру жөнінде түзетулер қабылдауға тиіс. Осы сессияның соңына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы заң жобасын да пысықтауымыз керек. Жүктелген міндеттерді іске асыру жолында нақты шешімдер мен жүйелі жұмыс қажет», – деді Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар Палата отырысында сенаторлар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелім баждарының сомасын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Заң нормалары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік баждарды әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі кедергілерді жоюға бағытталған.

Талқылау кезінде айтылғандай, заңды мақұлдау Қазақстанның республикалық бюджетіне кедендік баждардың үздіксіз аударылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Заң пошта операторларының мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Оның ішінде пин-код арқылы растау жолымен үшінші тұлғаларға пошта жөнелтілімін беру және заң талаптарына сәйкес дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тасымалдау мен сақтау құқықтары қамтылған. Заң арқылы почтоматтарды орналастыру тәртібі де нақтыланады және «пошта жәшігі» деген ұғым алынып тасталады. Әлеуметтік көмек құралдарын мақсатсыз пайдалануды азайтуға және олардың қадағалануын қамтамасыз етуге «әлеуметтік әмиян» ықпал етеді. Сондықтан заңға осы бағыттағы норма да енгізілді.

Бұдан басқа, аталған саладағы кадр тапшылығын ескере отырып, заңның шетелдіктерге капитан, капитанның аға көмекшісі және аға механик лауазымдарына орналасуға тыйым салуды одан әрі тоқтата тұру бөлігіне өзгерістер енгізілді.

«Қаралған заң пошта, мемлекеттік сатып алу, көлік және байланыс заңнамасын жетілдіру мақсатымен әзірленген. Түзетулердің басым бөлігі пошта қызметінің сапасын арттыруға бағытталып отыр. Пошта бөлімшелерінің шалғай елдімекендерде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ережелер де қарастырылған. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында да арнайы тоқталды. Сонымен бірге дәрілік заттарды мұқтаж азаматтарға пошта арқылы жеткізуге мүмкіндік беріледі. Заңға жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тетіктерін нақтылайтын түзетулер де енгізілді. Алдағы уақытта заң ұлттық пошта операторының қызметін және басқа да бірқатар саланы жетілдіруге өз үлесін қосады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Отырыс барысында сенаторлар маңызды мәселелерге қатысты депутаттық сауалдарын да жолдады.

Нұртөре Жүсіп елімізде ерте жүктіліктің және жасөспірімдер арасында туу көрсеткішінің артуына алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты ол репродуктивті денсаулық сақтау саласындағы жұмысты ұлттық деңгейде жүйелеу және балалар мен жасөспірімдер арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті.

Андрей Лукин Түркістан облысының таулы аудандарында төтенше жағдайдың алдын алуға арналған жұмысты ұйымдастыру және хабарландыру жүйесімен қамту төмен деңгейде екенін айтты. Аталған мәселені шешу үшін сенатор бірқатар шара ұсынды. Олардың қатарында хабарландыру жүйелерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін бірыңғай цифрлық платформа құру және оларды тиісті ТЖ департаменттерінің балансына беру арқылы аталған жүйелерді орталықтандырылған басқаруды ұйымдастыру сияқты шаралар бар.

Ғалиасқар Сарыбаев жасанды интеллект пен бұлтты технологиялардың әлеуетін кеңінен пайдалану және үлкен деректермен жұмыс істеу бағытындағы маңызды міндеттерге Үкіметтің назарын аударды. Депутат аталған салаға қатысты нақты ұсыныстарын да жасады.

Жанна Асанова елде телефон алаяқтарына қатысты оқиғалардың көбейгенін айтып, дабыл қақты. Сенатордың айтуынша, ұялы нөмірлерді жасырын пайдалануды болдырмау үшін SIP-телефонияны лицензияланатын қызмет түрлерінің тізіміне қосу және SIP-телефония мен SIM-бокс машиналарын лицензиясыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату қажет.

Сәкен Арубаев мал шаруашылығына, оның ішінде тері мен жүнді қайта өңдеу салаларына қатысты проблемаларға тоқталды. Депутат шағын және орта кәсіпорындарға субсидиялар мен жеңілдікпен берілетін несиелердің қолжетімсіздігі, мемлекет тарапынан жүйелі қолдау бағдарламаларының болмауы және шикізат сапасының төмендігі қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерінің бірі деп есептейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив