Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 49-шы сессиясына қатысты

24-03-2023, 15:51 Думан Кенжеғазыұлы

Мавритания Ислам Республикасының астанасында Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 49-шы сессиясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш бастаған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы қатысты.

Іс-шара барысында Ұйымға 55 мүше мемлекеттің делегацияларының басшылары ислам әлеміндегі саяси ахуал, мемлекетаралық қатынастар, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. СІМК отырысына қатысушылар ислам әлеміндегі түрлі әскери-саяси және гуманитарлық дағдарыстарды шешу шараларын қарастырды.

Сонымен қатар, іс-шараның күн тәртібіне қарусыздану, исламофобиямен және діннің диффамациясымен күрес, әлемдегі мұсылман азшылықтарының жағдайы, «ИЫҰ-2025» қызметі бағдарламасы және т.б. мәселелер кірді.

Қазақстандық делегация басшысы өз сөзінде мұсылман уммасының бірқатар өңірлері мен елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ИЫҰ-ның белсенді қатысуының маңыздылығына назар аударды. Ү.ж. мамыр айында бірінші министрлік кездесуі Қазақстанда өткізу жоспарланған ғылым мен технология саласындағы жетекші 15 мұсылман елін біріктіретін «ИЫҰ-15» тобын құру жөніндегі қазақстандық бастаманың өзектілігін атап өтті. Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі бастамасын іске асыруға ИЫҰ-ның әлеуетін қосу мәселесіне ерекше назар аударды.

Ислам ынтымақтастығы рухында өзара көмек пен ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы айта келе, Қ. Тумыш Қазақстанның жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Түркия мен Сирияның халықтарына көрсеткен жедел гуманитарлық көмегін атап өтті.

Қазақстандық дипломат Таяу Шығыс бейбітшілік үдерісіне жәрдемдесудің және Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың маңыздылығын айтты. Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің алаңы арқылы толеранттық пен конфессияаралық келісім идеяларын ілгерілетуге елеулі үлес қосқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесіне өз үлесін қосуды жалғастыруға дайын екендігін баса айтты. Осы тұрғыда, ол ИЫҰ-ға мүше Азия елдерін АӨСШК-те белсенді қатысуға шақырды.

Қазақстан делегациясының басшысы қатысушылардың назарын мультимодальды көлік байланыстарын нығайту қажеттілігіне аударды және Ұйым елдері экономикаларының дамуына елеулі серпін бере алатын ИЫҰ-ның бірегей географиялық артықшылықтарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

СІМК жұмысы барысында ИЫҰ мүше мемлекеттеріне қатысты мәселелер шеңберін шешуге бағытталған, оның ішінде саяси, экономикалық, құқықтық, гуманитарлық және әкімшілік-қаржылық мәселелер бойынша 100-ден астам қарарлар қаралды және қабылданды. Барлық қазақстандық бастамалар СІМК-тің тиісті құжаттарында бекітілді.

Іс-шарада ИЫҰ СІМК-не Пәкістан Ислам Республикасынан Мавритания Ислам Республикасына төрағалық етуінің ресми берілуі өтті, ал Палестина, Бангладеш және Нигерия өкілдері төрағаның орынбасарлары болып сайланды.

Сессия барысында Қ. Тумыш Алжир, Әзербайжан, Бруней, Нигерия, және Иран делегацияларының басшыларымен, сондай-ақ ИЫҰ Бас хатшысымен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив