Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
488.53 531.91 5.68

Қала әкімі спорт ардагерлері мен федерация өкілдерімен кездесті

31-01-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Талғат Мұратов «Арена» мәдени-спорттық кешенінде болып, қазіргі жұмысымен танысты. Кешен үш бөліктен тұрады: 5500 орындық арена, әмбебап бассейн және жалпы ауданы 9 мың шаршы метрден асатын спорттық-ойын-сауық алаңы. Бүгінде 64 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда баскетбол, футзал, үстел теннисі және жүзу сияқты спорт түрлерінен жаттығуға мүмкіндік бар.

Қала әкімі Талғат Мұратов Семей қаласының спорт ардагерлері, бас бапкерлер және спорт федерацияларының өкілдерімен кездесу өткізді.Жиынға Қазақстан барыстары Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов қатысты.

Кездесу барысында қаланың спорт саласындағы жетістіктері мен мәселелері талқыланды. Бүгінде қаладағы 3273 спорт секциясында 126 мыңнан астам азамат түрлі спорт түрімен шұғылданады. Қала спортшылары 2024 жылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 25 спортшы халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанса, республикалық деңгейде 50-ден астам, облыстық деңгейде 100-ден астам медальға ие болған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қалада спортпен айналысатын азаматтардың саны 126 160 адамды, яғни қала тұрғындарының 40%-ын құрайды.

«Алдымызда тұрған ортақ мәселе ол - қаладағы спорт саласын дамыту, болашақ жоспарлармен бөлісу және пікір алмасу. Сондықтан біздің мақсатымыз – спортты қаланың әр тұрғыны үшін қолжетімді етіп, оның дамуына жаңа серпін беру, спортшылар үшін қажетті барлық жағдайды жасау», - деді әкім.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, спорт өкілдері өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Осы орайда, олар қаламызда көптеген спорт түрлеріне арналған жабдықталған спортзалдардың жоқтығын, сондай-ақ спорт инфрақұрылымын жетілдіру керек екенін айтты.

Қала әкімі Талғат Мұратов бұл ұсыныстар мен мәселелерді назарға алып, әр өтінішті мұқият тыңдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив