Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

«Смычка» су қабылдағышын қайта құру қажет

3-02-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Талғат Мұратов «Семей-Водоканал» МКК «Смычка» су қабылдағышына барып, станцияның жағдайымен танысты. Нысан 1963 жылы салынған.

«Смычка» су қабылдағышы қаладағы ең ірі су көзі және оң жағалаудағы 75,4 мың адамды сумен қамтамасыз етеді. Су қабылдағыштың тәуліктік су алу көлемі 43,0 мың м³-қа дейін жетеді. Қазір станция өзінің қуатында жұмыс істеп тұр.

Бірақ Семей қаласы облыс орталығы болғалы көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар жылдам бой көтеріп келеді. Сондықтан ғимараттарды сумен қамтамасыз ету үшін су қабылдағышты қайта құру қажеттілігі туындауда. Бұл жұмыстың нәтижесінде қуат көзін мүмкіндігінше арттыру жоспарлануда.

«Су – тіршілік көзі. Қаланың өсуі мен дамуы үшін су жүйесін жаңғыртып, қуатын арттыру қажет. Бұл жұмыс барлық заңдар мен жоспарларға сәйкес жүргізілуі тиіс», - деді Талғат Мұратов.

Қазір «Смычка» су қабылдағышын қайта құру жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив