Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
488.53 531.91 5.68

Көктемгі су тасқындарын алдын алу мақсатында жұмыс тобы құрылды

6-02-2025, 09:21 018.kz

Қала әкімінің тапсырмасымен су тасқынын алдын алу мақсатында жұмыс тобы құрылды. Оған әкімдік қызметкерлері, ТЖ басқармасы және бөлім мамандары кірді.

Кәріздер мен арықтар жоқ жерлерде еріген қар суы үйлер мен көшелерді баспауы үшін қар шығару жұмыстары жақын арада басталады. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, бақылау шаралары күшейтілмек.

Комиссия Сроства және Нахаловка аудандарындағы көшелерді тексеріп шықты, ал алдағы күндері Пархоменко, Щорс және Береговой көшелерінде жұмыстар басталады. Жұмыс тобы жеке сектордың көшелерінен қарды шығару жоспарын бекітті.

Абаттандыру ережелеріне сәйкес, жеке үй иелері қарды өздері шығарады, бірақ оны көше бойына үймеуі тиіс. Қарды шығару тек төтенше жағдай қаупі туындаған кезде ғана жүзеге асырылады.

Қалада қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін осы талаптарды орындауларыңызды сұраймыз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив