Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
523.46 600.04 6.69

Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясына жаңа Бас хатшы сайланды

6-02-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен құрылтай кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында Қазақстан самбо федерациясының бас хатшысы болып Дияс Үкімет бірауыздан сайланды. Оның кандидатурасын талқылауға Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының мүшелері және осы спорт түрінің аймақтық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. 

Дияс Үкімет - қазақ күресі мен белбеу күресінен спорт шебері, дзюдо мен самбодан спорт шеберіне кандидат. Ол әр жылдары спорт мектептерін басқарған. Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бас сарапшысы болып қызмет еткен.

Федерация президенті Руслан Жақсылықов жаңа Бас хатшыға ұйым қызметінде және спортшыларды кәсіби даярлауда стратегиялық тәсілді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты жандандырудың қажеттілігіне де ерекше назар аударды.  

Руслан Жақсылықов Бас хатшы лауазымындағы жұмысы үшін Ерназар Бексұлтановқа алғысын білдіріп, оған жаңа қызмет орнында табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив