Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
535.13 627.44 6.52

Жұмыс тобы бөгет құрылысының барысын тексерді

6-02-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Көктемгі қар еру кезеңінде су тасқынын алдын алу мақсатында жұмыс тобы бөгеттер мен үйінділердің құрылыс барысын тексерді. Бұл шаралар қаланың шет аумақтарын су тасқынынан қорғауға бағытталған.

Коммуналдық қызметтер су басу қаупін және тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға келетін залалды азайту мақсатында бөгеттер тұрғызуда. Қазір жұмыс «Восход» ауданы мен «Шығыс» кентінде басталды. Осы орайда экскаваторлар, тиегіштер және КамАЗдар жұмылдырылды.

Ерекше назар қаладағы оң және сол жағалаудағы нысандарға аударылуда. Қауіпті аймақ қатарында оң жағалаудағы «Восход», «Шығыс» және «Водный», сондай-ақ сол жағалаудағы «Степной» мен «Холодный Ключ» кенттері бар. Жұмыстар алдын ала дайындалған жоба бойынша жүргізіліп, бөгет пен үйінділердің тиімділігін қамтамасыз етуде.

Айта кету керек, жұмыстар 15 қаңтардан басталды және қала әкімінің қатаң бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив