Оқушылар әженің өмірін сақтап қалды

Оқыс оқиға Көкпектіде болған. Аудан орталығындағы мектептің «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары «Үлкенге құрмет» акциясының аясында қариялардың аулаларын қардан тазартып, үй жұмысына көмектесіп жүр. Кезекті мәрте қолғабыс етуге шыққан Расул Бақтыбеков, Ертай Айыпқазы, Ерасыл Дәуітхан жалғызбасты Фелисада Арабеж әжейдің үйіне барады.
Көршілермен бірге терезені сындырып, ішке енген оқушылар әжейдің ес-түссіз жерде жатқанын көреді. Бірден жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қажетті ем-домын жасаған. Осылайша, оқушылар мен олардың тәрбиешісінің қырағылығының арқасында бір адамның өмірі құтқарылды. 85 жастағы Фелисада Арабеж әжей қазір ауруханада ем қабылдауда.
Аудан әкімдігі «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары мен жетекшісіне алғыс білдіріп, олардың ерлігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті. Қазір осы жас сарбаздың ерлігі ел аузында айтылып жүр.