Қазақстандықтарға ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО арқылы 23 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді

2024 жылы халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған ХҚКО арқылы 15 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ қазақстандықтар 8 миллионнан астам қызметті Сonnection point өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алған.
Айта кетсек, ХҚКО арқылы шамамен 11,5 миллион, МХҚКО арқылы 3,7 миллионға жуық қызмет көрсетілген. Атап өткенде, алғашқы үштікке келесі мемлекеттік қызметтер кірді: көлік құралдарын тіркеу, жеке куәліктер мен төлқұжат алу, ЭЦҚ алу мен оны қайтарып алу. Ең көп өтінімдер саны Алматы, Астана, Шымкент және Түркістан облыстарында тіркелді.
Мемлекеттік корпорация азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық шешімдерді тұрақты негізде енгізуде. Мәселен, «ХҚКО» мобильді қосымшасының функционалдығы айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мамандандырылған ХҚКО-ларда дербес менеджерлер практикасы енгізілді, бұл жеке жұмыс істеудің деңгейін арттырып, қызметтерді алу процесін жақсартады.