Жауынгерлік корабльдер Каспий теңізінің акваториясында теңіз және әуе нысандарын жойды
Оқу-жаттығу Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен өтті.
Бірінші кезеңде бөлімдер мен бөлімшелер арнайы техника мен корабльдерді ұрысқа қолданатын аймақтарға шығарып, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.
Екінші кезеңде жаттығудың мақсаты анықталып, командалық құраммен жауынгерлік іс-қимылды орындау туралы шешім қабылданды. Үшінші кезеңде корабльдер белгіленген аудандарға шығып, теңізшілер қарсыластың әуе шабуылы құралдарын тойтару мәселелерін пысықтады. Олар қарсыластың түрлі нысандарына іс жүзінде атыс жүргізе отырып, корабльге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастырды. Маневрлер барысында майдан авиациясының жауынгерлері тартылып, оларды корабль пунктінен басқару жүзеге асырылды.
Жаттығуға Әскери-теңіз күштерінің зымыран-артиллериялық корабльдер, Әскери-әуе күштерінің Су-27 ұшақтары және Ми-8 көлік-жауынгерлік тікұшақтары қатысты. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басшылығымен жауынгерлік дайындық жоспары бойынша мұндай жаттығулар жылына бірнеше рет өткізіледі.