Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
523.2 594.3 6.38

UAE SWAT Challenge турнирінде топ жарған тәртіп сақшылары марапатталды

13-02-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Ішкі істер министрлігінде Дубайда өткен UAE SWAT Challenge турнирінде бақ сынап, үздік нәтиже көрсеткен тәртіп сақшылары марапатталды.

Әлемдік аренада ел абыройын асқақтатқан жауынгерлерді бұл жетістіктерімен министр Ержан Саденов құттықтады.

- Біздің арнайы жасақтар осы сайыста жоғары шеберлікті, табандылықты және командалық рух пен жеңіске деген талпынысты көрсетті. Заң мен тәртіпті ту еткен сіздер нағыз батырсыздар, - деді Ішкі істер министрі.

Айта кету керек, ақпанның 1-5 аралығында өткен дүбірлі додаға Қазақстан атынан 12 команда қатысса, оның алтауы полиция ведомствосынан болды. Олар "Сұңқар", "Арлан", Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен "Бүркіт" бөліністерінің намысын қорғады.

"Сұңқар" арнайы бөлінісі турнирдің күміс жүлдегері атанды. Министрлікке қарасты Ұлттық ұланның бір командасы үздік ондықтың қатарынан көрінді.

Сонымен қатар биыл еліміз үшін тағы бір қуанышты жаңалық – "Томирис" әйелдер командасының халықаралық жарысқа алғаш рет қатысуы. Нәзік жандылар ерлерден қалыспай, ептілігі мен кәсібилігінің арқасында көрермен жүрегінен орын алды.

Спортқа жақын, қызметіне адал, салауатты өмірді ту еткен қызметкерлердің құрметіне арналған іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив