Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
515.18 570.66 6.06

Абай облысында «Vipusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтеді

14-02-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 20-21 ақпанында Абай  облысы Семей қаласында алғаш рет «Vipusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтеді. Оған Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларының білім беру мекемелері қатысады.

Көрменің ұйымдастырушысы талапкерлерге арналған Vipusknik.kz мамандандырылған республикалық интернет-порталы, ол қазақстандық порталдардың ТОП 100 рейтингіне енген. 2024 жылы Vipusknik.kz порталы 5 миллион қаралымға жетті.

Көрме Абай облысы әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен өтеді. Білім көрмесіне мақсатты аудиториямен қамтамассыз ету үшін бекітілген арнайы кесте бойынша Семей қаласындағы барлық мектептердің 9, 10, 11 сынып оқушыларының қатысуы ұйымдастырылады. 

Көрмеге қаладағы 59 мектептен жиналған 9 мыңға жуық оқушы қатысады деп күтілуде. Бітіруші мектеп түлектерін жан-жақты қамту үшін көрмеге облыстағы 100 аудан мектептерінің оқушылары арасында zoom конференциясы арқылы қосылу да жоспарлануда, бұл 10 500-ден астам оқушынының қатысуын қамтамассыз етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив