Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
503.61 524.96 5.58

А. Сарбасов жастарды жұмыспен қамту бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабарлады

14-02-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал адам – адал еңбек» жастар форумында жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекет жүзеге асырып жатқан шаралар туралы айтты.

Бірінші вице-министр өз сөзінде жастар зияткерлік, инновациялық және еңбек әлеуетінің резерві бола отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін бере алатынын атап өтті.

Бүгінде экономикалық белсенді жастардың үлесі жұмыс күшінің жалпы санының 39%-ды немесе 3,8 млн адамды құрайды, оның ішінде 3,5 млн-ы жұмыспен қамтылған жастар.

«Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек нарығында талап етілетін дағдыларды алу үшін кәсіптік стандарттар мен жаңа оқу бағдарламаларын бекіту, жұмыс берушілер, мектептер мен колледждер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, тәлімгерлік институтын дамыту, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу және оқушылар мен ТжКБ студенттерін жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру дағдыларына оқыту, қауіпсіз жұмыс орнын құру, сондай-ақ жұмысшы кәсіптерінің имиджін арттыруға бағытталған іс-шаралар көзделген», – деді Ақмәди Сарбасов.

Вице-министр алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс 1,6 млн адам санында бағаланатынын, оның ішінде кәсіптік-техникалық білімі бар жұмыскерлердің жартысынан астамы тиесілі болатынын және олардың 400 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтары екенін айтты. Жұмысшы кадрлар көбінесе көлік, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында сұранысқа ие.

«Кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету үшін жұмысшы кәсіптері бойынша 1,6 мың кәсіптік стандарт жаңартылды. Олардың негізінде білім беру бағдарламаларының 87% жаңартылды.

Кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін 12 мыңнан астам дағдылар мен құзыреттерді қамтитын Цифрлық дағдылар банкі құрылды, бұл халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді.

Кәсіптік мансапты таңдау және өзінің мансаптық траекториясын басқару үшін «Мансап компастары» жобасы іске асырылуда.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту және жұмыс орнында оқыту белсенді дамып келеді. Биыл 12 мыңға жуық адам осындай курстардан өтеді.

Студенттердің іс-тәжірибелік дағдыларын игеру үшін Электрондық еңбек биржасында өндірістік практикадан өту орнын табуға мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.

Онлайн оқыту платформасында бүгінде 643 курс қолжетімді, 400 мыңнан астам оқыды», – деді Ақмәди Сарбасов.

Бірінші вице-министр жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған жұмыссыз жастар жеке қажеттіліктеріне қарай жұмысқа орналасу бойынша қолдау ала алатынын атап өтті.

«Оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесі болмаған жағдайда жастар практикасы ұйымдастырылады, оған өткен жылы 33,3 мың жас қатысты.

Жұмыс берушілермен серіктестікте маңызды шара NEET жастарын жұмысқа орналасу жолындағы кедергілерді еңсеруде атаулы қолдау болып табылады. Ол үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 2024 жылы 9,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Жастардың мансаптық дамуы үшін зейнет жасына жақындаған адамдардың тәжірибесі мен дағдыларын жас мамандарға «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында беруге болады», – деді бірінші вице-министр.

Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, өткен жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 287 мың жас (236 мың адам жұмысқа орналастырылған) тартылған, оның 150,6 мыңы (136,9 мың адам жұмысқа орналастырылған) ауыл жастары.

Skills.enbek.kz қысқа мерзімді оқыту порталында еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытумен 18,5 мың жас қамтылды, оның ішінде 16,2 мың адам сертификат алды.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 25,6 мың жас қамтылды, оның 16,2 мыңы сертификат алды.

Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға өз кәсібін ашу үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Өткен жылы мұндай гранттарды 3,5 мың жас алды.

Сондай-ақ, вице-министр форумға қатысушыларды «Дипломмен ауылға», «Ауыл аманаты», «Ауыл – Ел бесігі» сияқты басқа да мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар туралы хабардар етті

Сонымен қатар, Ақмәди Сарбасов платформалық жұмыспен қамтуды реттеу үшін қабылданған шаралар туралы айтты, бұл түрлі интернет-платформаларда жұмыс істейтін 500 мыңнан астам азаматымыз үшін заңды құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сөз соңында Ақмәди Сарбасов жастарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат әлеуетті ашуға және оны дамыту үшін жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив