Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
503.61 524.96 5.58

ҚР Энергетика министрлігі мен «Теңізшевройл» ішкі нарыққа сұйытылған газды жыл сайын жеткізу туралы келісімге келді

14-02-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) ішкі нарыққа тұрақты түрде сұйытылған мұнай газын (СМГ) жеткізуді қамтамасыз ететін өзара түсіністік туралы жыл сайынғы меморандумды ұзарту туралы келісімге қол қойды. Құжат ведомство мен компания арасындағы сындарлы келіссөздердің нәтижесінде рәсімделді. Келісімге сәйкес, 2025 жылы ТШО Қазақстанның ішкі нарығына 240 000 тонна СМГ жеткізетін болады.

«Ең алдымен, сұйытылған мұнай газы – бұл бүкіл әлемде тек автокөлік отыны ретінде ғана емес, сонымен қатар мұнай-газ химиясын дамыту үшін құнды көмірсутек шикізаты ретінде пайдаланылатын маңызды ресурс екенін атап өткім келеді. Бұл келісімнің жасалуы – республиканың сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. Қазақстан Республикасындағы сұйытылған мұнай газын өндірушілердің бірі ретінде серіктесіміз ТШО-дан жеткізілетін кепілдендірілген газ ішкі нарықтағы тапшылықты азайтуға және осы өнімді тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді»,– деді Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.

«ТШО ішкі нарыққа тауарлық газдың негізгі жеткізушілерінің бірі болып қала береді және ел үшін осы стратегиялық маңызды саладағы әлеуетті мүмкіндіктерді зерттеу үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруда. Біз Энергетика министрлігінің мақсаттарына қолдау көрсетуді жалғастырамыз және елдің өнеркәсіптік және экономикалық дамуына өз үлесімізді қосуға тырысамыз», – деп атап өтті ТШО бас директоры Кевин Лайон.

Айта кету керек, ТШО Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнеркәсібінің дамуына да ықпал етуде. Соңғы бірнеше жыл ішінде ТШО KPI компаниясына пропан шикізатын, «Бутадиен» жобасы үшін бутан және «Полиэтилен» жобасы үшін этан жеткізу туралы құжаттарға келісіп, қол қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив