Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Автокөлік көпірінің жағдайы тексерілді

17-02-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов көшпелі кеңес өткізді. Кеңеске бөлім басшылары қатысып, автокөлік көпірінің қазіргі жағдайымен танысты.

Ұзындығы 980 м, ені 9 м құрайтын бұл көпір бүгінде қаланың екі жағалауын байланыстыратын маңызды инфрақұрылымдық нысандардың бірі.

«Бұл көпір Семей қаласы үшін стратегиялық маңызы бар нысан. Оның қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімді пайдалануын қамтамасыз ету қажет. Көпірдің жағдайы қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін аса маңызды», - деді қала басшысы кеңес барысында.

Бүгінде автокөлік көпірін күтіп-ұстау және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау және шығару жұмыстары жүзеге асырылуда. Кеңес соңында Талғат Мұратов бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив