Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі жыл сайын артып келеді

17-02-2025, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Өткен 2024 жылмен салыстырғанда ел бойынша автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі 39 пайызға артып, шамамен 5 миллион тонна жүкті құрады.

Бұл ретте Қытайдан транзит 67%-ға өсті (1,5 млн. тоннадан 2,5 млн. тоннаға дейін). Транзиттік тасымалдардың динамикасын сақтау және одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін Министрлік келесі шараларды жүзеге асырады:

- Түркия, Ресей, Латвия, Литва -елдерімен  шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматына көшу. 

- Португалия және Даниямен автомобиль тасымалы бойынша жаңа Үкіметаралық келісімдер жасау арқылы тасымалдау географиясын кеңейту.

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан қазіргі уақытта 42 Үкіметаралық келісім жасасты, олардың негізінде министрлік жыл сайын рұқсат бланкілерімен алмасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив