Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

«Түркиямен ынтымақтастықты нығайту»: сенаторлар Палата отырысының күн тәртібін бекітті

17-02-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 20 ақпанда болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Алдағы бейсенбіде өтетін Сенат отырысында Палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Заңның мақсаты – фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің аумағында карантиндік зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болғызбау үшін өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту.

Келісімнің күші фитосанитариялық шаралар тұрғысынан, әсіресе халықаралық тасымалдау жағдайларында зянкестер үшін жасырыну орны бола алатын немесе олардың таралуын жеңілдететін кез келген өсімдікті, өсімдік өнімін, жинау орнын, қаптаманы, тасымалдауды, контейнерді, топырақты және кез келген басқа организмді, объектіні немесе материалды қоса алғанда, карантинге жатқызылған барлық материалдарға қолданылады.

Сонымен қатар Бюро отырысында депутаттар Сенаттың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттерді талқылады және бұған дейін Парламент Мәжілісі қабылдаған заңдарды жұмыс үшін Палата комитеттеріне бөліп берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив