Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
520.48 574.61 6.06

Бибигүл Жексенбай: Парламент биыл жасанды интеллект жөніндегі заңды қарайды

17-02-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай SDU Universityінде өткен «Жасанды интеллект және қазақ медиасының трансформациясы» тақырыбындағы студенттермен кездесуге қатысып, өз ойларын ортаға салды. Кездесу барысында жасанды интеллектің БАҚ-қа ықпалы, ақпараттық қауіпсіздік және заңнамалық реттеу мәселелері талқыланды. Сенатор осыған байланысты биыл Парламентте жасанды интеллект жөніндегі арнайы заң жобасы қаралатынын атап өтті.

«Технологиялық революцияның оң және теріс жақтары болады. Біз оған дайын болуымыз қажет. Жасанды интеллект уақыт үнемдеуге, жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік береді, бірақ сонымен қатар авторлық құқық, жалған ақпарат тарату және ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан белгілі бір қатері де бар. Сондықтан заңнамалық реттеу өте маңызды. 2025 жылы Парламентте жасанды интеллект жөніндегі арнайы заң жобасын қарау жоспарланып отыр», - деді Бибигүл Жексенбай.

Сенатор ЖИ-дің өңірлік журналистиканы дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, жас мамандардың жаңа технологияны меңгеруіне жағдай жасау, тәжірибелік курстар ұйымдастыру және грант бағдарламасы арқылы қолдау көрсету керектігін айтты. Сонымен қатар, аға буын журналистердің кәсіби тәжірибесін біріктіру арқылы отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. SDU студенттері жасанды интеллектің БАҚ-қа әсерін, цифрлық медиадағы жаңа трендтер мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты талқылады. Талқылау барысында сарапшылар өз пікірлерімен бөлісіп, кәсіби тәжірибелерін ортаға салды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив