Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

ТУ-154 алғаш рет Семейге қашан қонды?

27-03-2023, 10:01 018.kz

1975 жылы Семей қаласына алғаш рет жаңа ыңғайлы ТУ-154 А жылдамдықты ұшағы қонды.

Содан кейін «Ертіс» газетінде ТУ – 154 А ұшағын журналистер «Күміс құс» деп атағанын жазады. Ол облыс орталығының үстінен шеңбер жасап, Семей әуежайына ақырын қонды. Ұшақ трапында экипаж командирі И. Н. Героев партия облыстық комитетінің бірінші хатшысы Н. Морозовқа, партия облыстық комитеті бюросының мүшелеріне алғашқы техникалық ұшудың сәтті өткенін баяндады. Қала тұрғындары мен авиаторлар экипажға гүл шоқтарын табыс етті.

Салон жұмсақ, біркелкі жарықтандыру, ыңғайлы креслолар, сонымен қатар жеке желдету құрылғысы бар. Артқы фюзеляждағы қозғалтқыштардың орналасуы шуды айтарлықтай азайтады. Бұл ретте лайнер бортқа 130-дан 152 жолаушыға дейін қабылдай алады. Ұшақтың жылдамдығы сағатына 950 км болды. 

Осы кезден бастап Семей қаласына жылдам ұшақтар ұша бастады.  Мәселен, облыс тұрғындары Алматыға небәрі 1 сағатта жете алды. Сонымен қатар, жаңа лайнердің пайда болуымен семейліктер аптасына бес рет Мәскеуге ұшуға мүмкіндік алды.

Руслан Шакабаев, 018.kz

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив