Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
520.48 574.61 6.06

Заң мен Тәртіп: Абай облысында академиялық адалдықты қамтамасыз ету

18-02-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Семей қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығы филиалының қызметкерлері арасында академиялық адалдықты нығайтуға және білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған негізгі қағидаттар мен ұсынымдар егжей-тегжейлі баяндалды.

«Заң және Тәртіп» қағидатын сақтаудың, педагогтердің білімін бағалау процесінде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, орталық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мәселелері, оның ішінде кәсіби қызметте жеке жауапкершілік пен адалдықтың маңыздылығын түсінуді қалыптастыру талқыланды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарының нақты мысалдары келтірілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысатын азаматтарды жауапқа тартуға бағытталған заңнамалық шаралар қаралды. Қызметкерлерге мұндай қылмыстардың олардың беделіне ғана емес, жалпы қоғамға қалай әсер ететіні, білім беру процестері мен мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіретіні түсіндірілді.

Департамент білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыратын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив