Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.76 521.7 5.63

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте көрсеткіштерін жоғарылатты

18-02-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Ookla аналитикалық компаниясы 2025 жылдың қаңтарына арналған елдер арасындағы жаңа интернет жылдамдығы рейтингін жариялады. Аталмыш рейтингте Қазақстан өз көрсеткіштерін айтарлықтай жоғарылатқан. Еліміз мобильді интернет бойынша 8 позицияға көтеріліп, 49-шы орынға тұрақтаған. Мобильді интернеттің жүктеу жылдамдығы 81,58 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 18,42 Мбит/с, ал кідіріс 18 мс деңгейінде тіркелді. Фиксирленген кеңжолақты интернет санатында Қазақстан +5 позицияға жоғарылап, 83-орынға шыққан, мұнда жүктеу жылдамдығы 77,93 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 80,83 Мбит/с, ал кідіріс 5 мс болды.

Бұл жетістік мемлекеттік бағдарламалар мен байланыс операторларының телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының нәтижесі. Атап айтсақ, 2024 жылы фиксирленген байланыс желілері жаңғыртылып, 4G желісінің қамту аймағы кеңейтілді, сондай-ақ ірі қалаларда 5G технологиясын енгізу басталды. Осы шаралардың арқасында интернет жылдамдығы едәуір артты, бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етті.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2025-2027 жылдары келесі бастамалар жүзеге асырылады:

  • 3010 ауылда кеңжолақты интернет желісін дамыту мақсатында оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту;
  • 1120 ауылда интернетті әр үйге дейін жеткізу үшін «соңғы миля» жобасын субсидиялау;
  • 5G технологиясын республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) және облыс орталықтарында кеңейту;
  • 250-ден астам шалғай және сирек қоныстанған елді мекендерге спутник арқылы интернет қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Интернет жылдамдығының артуы еліміздің цифрлық дамуына, IT-индустрияның өсуіне, онлайн білім беру мен электрондық коммерцияны ілгерілетуге және экономиканың басқа да маңызды салаларына оң әсер етеді. Телекоммуникация саласын дамыту – Министрліктің басты басымдықтарының бірі. Ведомство бүкіл ел бойынша байланыс пен интернет сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастырады.

Анықтама: Ookla – интернет жылдамдығы мен сапасын талдауға маманданған жетекші халықаралық компания. Ол пайдаланушыларға жүктеу жылдамдығын, сондай-ақ кешігуді өлшеуге мүмкіндік беретін Speedtest қызметімен танымал. Ookla ай сайын Speedtest Global Index рейтингін жасақтайды, онда нақты пайдаланушылардың тестілері негізінде түрлі елдегі мобильді және тіркелген интернеттің орташа жылдамдығы салыстырылады. Деректер Speedtest арқылы анонимді түрде жиналып, әлемдегі интернет инфрақұрылымының нақты жағдайын көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив