Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.76 521.7 5.63

Каспий маңы елдерінің энергетикалық интеграциясы: Қазақстанның негізгі бастамалары

18-02-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 18 ақпанда Иран Ислам Республикасы Тегеран қаласында 3-ші Каспий экономикалық форумы аясында «Каспий маңы елдерінің энергетикалық ынтымақтастығы» тақырыптық сессиясы өтті, оған Қазақстаннан ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты.

Ол өз баяндамасында «Лукойл» ЖАҚ-мен серіктестігімен жүзеге асырылып жатқан Каспий теңізінің акваториясында «Қаламқас-Хазар» жобасының іске асырылу барысы туралы айтты.

Сонымен қатар Қазақстан  Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы бағыттарды дамыта отырып, мұнай жеткізу бағыттарын белсенді түрде әртараптандыруда. Сондай-ақ, сессияда Әлібек Жамауов Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне қатысты мәселелерді көтеріп, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өңірдегі экологиялық тәуекелдердің алдын алу және басқару жөніндегі бастамаларына тоқталды.

«Қазақстан мен Каспий өңірінің барлық елдері үшін үйлестірілген энергетикалық саясатты құру өте маңызды. Бұл бізге өзіміздің технологиялық құзыреттерімізді арттыруға және әлеуметтік-экономикалық дамуда бәсекелестік артықшылықтарға ие болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР Энергетика министрінің орынбасары Әлібек Жамауов.

Сарапшылар Каспий маңы өңірі елдерінің энергетика саласындағы бірлескен күш-жігері өңірдің экономикасы мен экологиясының тұрақты дамуы үшін сенімді негіз бола алатынына сенімді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив