Алматыда III Халықаралық «Индустриялық құрылыс» конференциясы басталды

Алматы қаласында жыл сайынғы халықаралық «Индустриялық құрылыс» конференциясы басталды. Конференцияның тақырыбы құрастырмалы бетон конструкциялық жүйелерге бағытталған.
Конференция екі күнге созылады. Бірінші күні қатысушылар тақырыпқа қатысты өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасайды.
Биыл шараға Германия, Эстония, Корея, Өзбекстан, БАӘ, Моңғолия және Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 10-нан астам елінен сарапшылар қатысуда.
Конференция жетекші мамандарды озық шешімдерді талқылау, тәжірибе алмасу және іскерлік байланыстар орнату мақсатында біріктіріп, индустриялық құрылыстың жаһандық маңыздылығын айқындайды.
ТМД елдерінің сейсмотұрақты құрылыс саласындағы Негізгі ұйымы және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ атынан конференцияның ашылуында Бас директор Бегман Кульбаев құттықтау сөз айтты.
Өз сөзінде ол «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның индустриялық құрылыс саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге белсенді қатысатынын атап өтіп, ұйым жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстанда құрастырмалы темірбетонды қолдану бойынша ғылыми зерттеулер негізінде техникалық нормаларды әзірлеу, сондай-ақ құрастырмалы конструкциялардың сейсмотұрақтылығын зерттеу, бұл әсіресе Алматы және басқа да сейсмикалық қауіпті аймақтар үшін өзекті. Сонымен қатар, ол модульдік құрылыстың техникалық және экономикалық талдауына ерекше мән берді.
Сондай-ақ, ол Негізгі ұйым аясында кәсіпорынның құрастырмалы темірбетон құрылыс жүйелерін пайдалану, сейсмикалық қауіпті аймақтарда азаматтық және қоғамдық ғимараттарды салу мәселелерін талқылау үшін алаң ұсынуға дайын екендігін баса айтты.