Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-5°С
  • Аягөз-11°С
  • Ақсуат-12°С
  • Бородулиха-7°С
  • Қалбатау-10°С
  • Курчатов-9°С
  • Көкпекті-14°С
  • Үржар-6°С
502.47 525.83 5.68

Сенатта азаматтық авиация саласын дамыту мәселелері талқылануда

Кеше, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияны дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстелге дайындық аясында Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мүшелерінің кезекті жұмыс кездесуі өтті.

Талқылау барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, сондай-ақ Көлік министрлігінің өкілдері авиатасымал саласында бағаның қолжетімділігін арттыру мақсатында «тиімсіз» делдалдарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл тәсілді Энергетика министрлігі қолдап отыр, оның нәтижесінде әуе компаниялары тікелей ресурс иелерінен авиаотын сатып ала алады, осылайша әуе билеттерінің бағасын төмендетуге мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, әуежай тарифтері 2014 жылдан бері жүйелі түрде қайта қаралмағаны атап өтілді. Әуежайлардың кейбіреулерінде авиаотын сатудан түсетін табыс олардың жалпы кірісінің 60%-ына дейін жетеді.

Салада қордаланған мәселелерді талқылау барысында инвестициялық жобалар болған жағдайда әуежайлардың реттелетін қызметтеріне ынталандырушы баға белгілеу әдісін қарастыру мәселесі қозғалды. Сондай-ақ, авиациялық керосин өндірісі мен импорты, ұшақ паркін жаңарту, әуежайлар мен әуе компанияларының өзара әрекеттестігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Комитет депутаттары мемлекеттік органдардың, отандық әуе компаниялары мен әуежайлардың азаматтық авиацияны одан әрі дамытуға бағытталған бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив