Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Айнұр Арғынбекова ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

24-02-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Венада өткен 24-ші қысқы отырысына қатысты.

Отырыс барысында ЕҚЫҰ ПА-ның Саяси мәселелер және қауіпсіздік, Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер, Экономика, ғылым, технологиялар және қоршаған орта мәселелері жөніндегі жалпы комитеттерінде, сондай-ақ Тұрақты комитетте кездесулер өтті. Шараға ЕҚЫҰ өңірі елдерінен келген 240-тан астам парламентшілер қатысты.

Қауіпсіздік пен адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықтың негізін қалаған негізгі құжат – Хельсинки Қорытынды актісінің 50 жылдық мерейтойына ерекше назар аударылды.

Сенатор сессия барысында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының экологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Пере Понспен және Ассамблеяның Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Фара Каримимен де кездесті. Сондай-ақ Аустрия Ұлттық Кеңесінің депутаты, ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары Гудрун Куглер, Хорватия Саборының депутаты Звонимир Троскот және Финляндия Парламентінің депутаты Вилла Скиннаримен де екіжақты кездесулер өтті.

Сенатор бірқатар тақырыптық, оның ішінде көлік дәліздерін дамытуға бағытталған Жібек жолын қолдау тобының 15-ші отырысына, сондай-ақ демографиялық дағдарысқа арналған пікірталасқа қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив