Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Мемлекеттік кеңесші этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді

26-02-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Жиынға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі қатысты.

Басқосуда этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы өзекті міндеттер мен 2025 жылға арналған жоспары таныстырылып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы баяндалды. Сонымен қатар қатысушылар жалпыұлттық ынтымақтастықты дамыту бойынша алдағы уақытта атқарылатын шараларға тоқталды.

Ерлан Қарин мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бұл іске тұрақты түрде тың тәсілдер енгізу қажет екеніне назар аударды.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуге қатысты ішкі саясат саласының басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив