Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Семейде тері өңдейтін зауыт салынады - Берік Уәли

27-02-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл бастама жергілікті өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Тері өңдеу саласы Қазақстанда бұрыннан бар. Мысалы, кеңес дәуірінде Семейде тері өңдеу кәсіпорындары жұмыс істеген. Қазіргі уақытта бұл саланы қайта жаңғырту және дамыту маңызды болып отыр.

Аймақ басшысы Берік Уәлидің айтуынша, зауыт құрылысы үшін өндірістік аймақтан жер телімі бөлінеді.

«Семейде тері өңдейтін зауыт салу бойынша да ирандық инвесторлармен кездестім. Өндірістік аймағымыз бар. Жер береміз. Бұл бағытта жұмыс істейміз», - деді аймақ басшысы.

Жаңа зауыттың іске қосылуы жергілікті халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге көмектеседі және аймақтың экономикалық әлеуетін нығайтады. Сонымен қатар, бұл жоба Қазақстан мен Иран арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Тері өңдеу зауытының құрылысы Семей қаласының өнеркәсіптік инфрақұрылымын дамытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив