Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Қазақстан мен Канада авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

28-02-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік министрлігі ғимаратында Марат Қарабаев пен Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагганның кездесуі өтті.

Келіссөз барысында авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, тараптар әуе қатынасын кеңейту, заманауи технологияларды енгізу және авиациялық тасымалдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Сондай-ақ, Қазақстанда шағын авиацияны дамыту үшін De Havilland ұшақтарын сатып алу перспективалары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларды одан әрі талқылап, келесі қадамдарды нақтылау үшін байланыста болуға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив