Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Шымбұлақ курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді

28-03-2023, 08:59 Думан Кенжеғазыұлы

Шымбұлақ курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет жіне спорт министрі Асхат Оралов қатысты.

«Кешегі күн Қазақстан футбол құрамасының Дания құрамасына қарсы ойындағы тарихи жеңісімен ғана емес, сонымен қатар жаңа әлемдік рекордпен де есте қалады. Шымбұлақ - әлемдегі түнгі ең биік тау шаңғысы курорты ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл нәтиже Шымбұлақтың ең биік нүктесінде, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Талғар асуы» станциясында тіркелді. Дәл осы жерде салтанатты рәсім өтті. Мен іс-шараға жиналған мегаполис тұрғындары мен қонақтарының алдында сөз сөйледім. Ал Гиннестің рекордтар кітабының ресми судьясы Шейд Субаши трассаның барлық талаптарға сәйкестігін растай отырып, тарихи нәтижені тіркеді. Содан кейін Алматы тұрғындары мен қонақтары рекорд тіркелген тау баурайынан төменге жаппай сырғанап түсті. Шымбұлақ - жыл сайын миллиондаған қонақ келетін еліміздің басты туристік бағыттарының бірі. Бұл жердің біз барлық жағынан дамытқымыз келетін үлкен әлеуеті бар. Жаңадан тіркелген рекорд мәртебесі тау шаңғысы курортын әлемде теңдесі жоқ бірегей орынға айналдыратынына сенімдімін. Мен Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарды осы жетістікпен құттықтаймын. Біздің елде көптеген тамаша орындар бар. Сол себепті мен алдағы уақытта жаңа рекордтардың куәсі болатынымызға сенемін»,деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив