Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Мемлекеттік кеңесші Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайына қатысты

28-02-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекекеттік кеңесші құрылтай қатысушыларына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Ерлан Қарин маңызды жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру арқылы қазақ тілін барынша насихаттаудың және оның қолданыс аясын кеңейтудің маңызы зор екенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, қазір қазақ тіліндегі цифрлық контенттерді көбейтуге, білім беру жүйесін әдістемелік тұрғыдан қолдауға және ІТ саласындағы жетістіктерді тіл мәселесін шешу үшін тиімді пайдалануға айрықша мән беріліп жатыр.

Құрылтай делегаттары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 2023-2024 жылдары атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы кезеңнің басым бағыттарын айқындады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив