Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

4 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

4-03-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Сейсенбі, 4 наурыз күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібі – экономиканың нақты секторын қаржыландыру. 

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков және «Қазақстан Даму банкі» басқармасының төрағасы Марат Елибаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив