Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

БҰҰ-ның 68-сессиясында жастар арасында есірткімен күрес бойынша Қазақстан тәжірибесі таныстырылды

12-03-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Аустрияның Вена қаласында БҰҰ-ның Есірткі заттары жөніндегі комиссиясының (CND) 68-ші сессиясы өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – есірткіге тәуелділік пен қылмыстың алдын алу шараларына жастарды тарту. Сондай-ақ қатысушылар қоғамды есірткі қаупінен қорғауға арналған институционалды шараларды талқылады.

Қазақстанды халықаралық алаңда БҰҰ ЕҚБ аймақтық жастар желісінің бөлігі саналатын Esbol Qory қоры таныстырды.

Қор есірткіге қатысты вирустық контентті анықтап, оны бұғаттайтын «MERGEN» ақпараттық жүйесін таныстырды. Бұл жүйенің көмегімен Қазақстан аумағында 4000-нан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив