Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Александр Совостьянов «Астана Опера» театрының директоры болып тағайындалды

12-03-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Александр Александрович Совостьянов «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығын бітірген.

Ол әр жылдары медиа-индустрия саласында, соның ішінде «Нұр Медиа» холдингіне қарасты «Эра ТВ» (Жетінші арна) телеарнасында және «Астана» телеарнасына кіретін РДВ компаниясында жұмыс істеді.

2013-2019 жылдары «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры директорының қоғаммен байланыс және маркетинг бойынша орынбасары болып қызмет еткен.

Бұл тағайындауға дейін «Астана Балет» театрының директоры қызметін атқарған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив