Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Отандық өндірушілер «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының сатып алуына қатыса алады

28-03-2023, 17:58 Думан Кенжеғазыұлы

Отандық медициналық техника, медициналық бұйымдар мен медициналық жиһаз өндірушілерінің өтінімдері 31 наурызға дейін қабылданады.

Жобаның мақсаты – барлық ауылдық елді мекенді алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету есебінен қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы теңгерімсіздіктерді қысқарту, сондай-ақ ауыл халқына шұғыл медициналық көмекті уақытында көрсетуді арттыру.

 Жоба мынадай негізгі міндеттерді шешуді көздейді:

-Ауыл-аймақта алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары объектілерін салу: медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар.

Жоба шеңберінде ауылдарда 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу, реконструкциялау, қосымша жарақтандыру жоспарланған. Соның ішінде жаңа 228 нысан және қолданыстағы нысандардың орнына 427 нысан салу. Бұл қосымша 700 мыңнан астам ауыл тұрғынын медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Жаңа медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар заманауи жабдықтармен жарақтандырылады, сондай-ақ тіркеу орны мен күту бөлмесін жобалаудың бірыңғай тұжырымдамасы пайдаланылатын болады.

 МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ТІЗІМІ

Сатып алуға қатысу сұрақтары бойынша 31 наурызға дейін мына нөмірге хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 919 362.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив