Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Қазақстанда Достық - Бескөл бағыты бойынша қозғалыс ашылады

13-03-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда наурыз айының соңына дейін «Достық - Бескөл» станциялары арасындағы екінші жолдарда қозғалыс ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінде хабарлады.

Аталған бағыт «Достық - Мойынты» жобасының бір бөлігі саналады. Бұған дейін 127 шақырымдық «Балқаш - Мойынты» учаскесінде қозғалыс іске қосылды.

Жалпы ұзындығы 166 шақырымды құрайтын жаңа бағытта қазіргі таңда соңғы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскенің ашылуы транзиттік тасымалдау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайтын «Достық - Мойынты» теміржол жобасының толық аяқталуы осы жылдың ортасына жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив