Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Абай облысының әкімі Көкпекті ауданындағы автобекет құрылысымен танысты

19-03-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Көкпекті ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығындағы автобекетті жаңғырту жұмысымен танысты.

Автобекет ғимараты 1976 жылы салынған. Бұған дейін қараусыз тұрған нысан қазір жеке инвестордың қаржысы есебінен жөнделіп жатыр. Жоба құны – 55 миллион теңге.

Аудан әкімі Әділет Қожанбаев ғимарат құрылысы екі ай көлемінде аяқталып, пайдалануға берілетінін жеткізді.

Аймақ басшысы тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданға автобекеттің аса қажет екенін атап өтіп, құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Осы жерде облыс әкіміне ауданда жүзеге асыруды жоспарлап отырған инвестициялық жобалар таныстырылды. Олардың қатарында 60 орындық балабақша, 19 адамға арналған қонақүй және стоматологиялық емхана құрылысы бар. Сондай-ақ, аудан орталығын абаттандыру жоспарланған.

Өңір басшысы аудан әкіміне инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

«Алдағы уақытта облыста инвестициялық форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Туған жеріне қолдау көрсеткісі келетін азаматтармен болашақ жобаларды бірлесе талқылаймыз. Біз өз тарапымыздан жан жақты қолдау білдіреміз. Бұл «Азаматына қарап, ауылын таны» деген екінші жобамен жалғасады. Мемлекет басшысы да мұны жиі айтады. Ауылдан шыққан азаматтар туған жеріне қолдау білдіруі керек. Осы бағытта жұмыс істейміз»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив