Cемей38°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Берік Уәли Көкпекті ауданындағы мектептердің жәй-күйімен танысты

20-03-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Берік Уәли Көкпекті ауданындағы жұмыс сапары барысында Көкпекті орта мектебінің жұмысымен танысты.

Көкпекті орта мектебі – аудан орталығындағы ең іргелі білім ордасы. 600 орынға шақталған мектепте бүгінде 631 оқушы білім алып жатыр. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Облыстық Білім басқармасы өкілі аймақ басшысына мектепті 2026 жылы күрделі жөндеуден өткізу жоспарға кіргенін айтты.

Облыста бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 75 мектеп бар. Бұл тізімге Көкпекті мектебі де енген.

Аудан орталығындағы 427 оқушы білім алатын Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі былтыр «Қазақстан халқына» қорының көшесімен күрделі жөндеуден өткен. 27 кабинет толық жаңартылып, заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған.

Аймақ басшысы Көкпекті орта мектебін де заман талабына сай жаңғырту керектігін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив