Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Берік Уәли Көкпекті ауданындағы денсаулық сақтау мекемесінің жұмысымен танысты

20-03-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Көкпекті ауданына жұмыс сапары барысында аудандық аурухананың жағдайымен танысты.

2010 жылы пайдалануға берілген аудандық ауруханада 243 адам еңбек етеді. Медициналық мекемеде 40 төсек-орын қарастырылған. Хирургия, инфекция, гинекология, терапия және педиатрия бөлімшелері жұмыс істейді.

Былтыр аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Шатыры толық ауыстырылып, жылу жүйесі жаңартылды. Биыл ғимараттың қасбетін жөндеу және «Жедел жәрдем» блогының кіре берісін реконструкциялау жобаларына қаржы бөлінген. Ғимараттың іші, терезелері, есіктері мен едені жөндеуді қажет етеді. Ауруханада гинеколог, анестизиолог, хирург мамандары жетіспейді.

Аймақ басшысы аудандық аурухананың өңір тұрғындары үшін маңызын атап өтіп, жаңғырту жұмыстары кезең кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты.

«Аудандық аурухана заман талабына сай жабдықталуы керек. Облыс әкімдігі тарапынан тиісті көмек көрсетеміз. Аудан әкімі аурухана басшылығымен бірлесіп, дәрігер мамандарды жұмысқа тарту, баспанамен қамту мәселесін шешіңіздер. Медициналық нысанда жүргізілетін құрылыстың сапалы болуын бақылауда ұстаңыздар»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив