Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Семей қаласында «Семей» футзал клубын салтанатты түрде қарсы алды

25-03-2025, 15:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында жеңімпаз команданы салтанатты түрде қарсы алды. Қала әкімі Талғат Мұратов, ардагерлер, жанкүйерлер және қоғам белсенділері команда ойыншыларын құттықтап, олардың тарихи жеңісіне ортақтасты. Ақсақалдар ақ батасын беріп, қала әкімі ойыншыларға алғысын білдірді.

«Бұл – тарихи сәт. Ал тарихи сәтті сыйлаған барша «Семей» футзал клубына алғысымызды білдіреміз. Сіздер біздің қаламыздың ғана емес, облысымыздың намысын қорғап жүрсіздер. Жеңісті күндеріміз көп болғай!», - деді Талғат Мұратов.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған қаласында өткен Қазақстан кубогының финалында «Семей» ФК алматылық «Қайрат» футзал клубын 5:1 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогының иегері атанды.

Клуб бұл жеңістерін Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арнады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив