Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Абай облысының мәслихат төрағасы болып Қуаныш Сүлейменов сайланды

30-03-2023, 11:30 Думан Кенжеғазыұлы

VIII сайланған Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессия отырысында депутаттық корпустың ашық дауыс беруінің нәтижесі бойынша мәслихат төрағасы қызметіне Сүлейменов Қуаныш Серқазыұлы сайланды. 

Ол осы уақытқа дейін Абай облыстық мәслихатының хатшысы, кейіннен мәслихат төрағасы лауазымын атқарған болатын. Сондай-ақ, Жарма ауданындағы «Шалабай» ЖШС басқарды.

Қуаныш Серқазыұлы 1973 жылдың 14 қыркүйегінде бұрынғы Семей облысының Шар ауданы Шар қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. Оқуын Қазақ мемлекеттік заңгерлік академияда, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша жалғастырып, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді.

Қазіргі таңда «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы қызметін қоғамдық негізде қоса атқаруда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив