Бүгін VIII сайланған Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессия отырысы өтті
Сессия отырысына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталия Фесенко, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, жаңадан сайланған облыстық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия барысында облыстық мәслихат төрағасы лауазымына Қуаныш Сүлейменовтің кандидатурасы ұсынылып, жаңадан сайланған депутаттар оны бірауыздан қолдады.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңадан сайланған барша халық қалаулыларын құттықтап, ел игілігі жолындағы қоғамдық қызметтеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, сессия барысында тұрақты комиссия төрағалары мен мүшелері сайланды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралы18 наурызда және дауыс беру күні кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады - Бас прокуратураСайлау қорытындысы: Семей қалалық мәслихатына кімдер өтті?Сайлау қорытындысы: Абай облыстық мәслихатына кімдер өтті?