Семей қаласының мәслихат төрағасы болып Данияр Шәкәрімов тағайындалды
VIII сайланған Семей қалалық мәслихатының алғашқы сессия отырысында депутаттық корпустың ашық дауыс беруінің нәтижесі бойынша мәслихат төрағасы қызметіне Шәкәрімов Данияр Қаиырханұлы сайланды.
Данияр Қаиырханұлы 1981 жылы 15 ақпанда Абай облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары. 2007 жылы «Қайнар» университетін тәмәмдаған. Отбасылы.
2000 – 2001 ж. Семей қ. наркологиялық диспансері – есепші;
2004 – 2013 ж. Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агенттігінің ШҚО кедендік бақылау департаменті, Өскемен қаласы;
2013 – 2014 ж. кедендік тексеріс бөлімі, Өскемен қаласы;
2014 – 2016 ж. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі ШҚО мемлекеттік кіріс Департаменті, Өскемен қаласы - бас маман лауазымында;
2016 – 2018 ж. Жезқазған қаласы "KAZTYRE" ЖШС – мемлекеттік сатып алу бойынша маманы;
2018 – 2019 ж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің орынбасары;
2019 – 2021 ж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
2022 ж. мамыр айынан бастап Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
2022 жылдың 31 қазанынан бүгінгі күнге дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.