Семей өлкетанушылары әңгімелейді...

Қалалық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері «Прииртышье» өлкетану қоғамының 20 жылдығына арналған «Семей өлкетанушылары әңгімелейді...» атты өлкетану күнін өткізді.
Шараның мақсаты: оқырманды өлкетану әдебиеті туралы ақпараттандыру, патриоттыққа тәрбиелеу, туған өлкенің мәдениеті мен тарихын құрметтеуге үйрету.
Шараға журналист, өлкетанушы, «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшесі Альбина Халел, Абай облысы ББ «Семей қаласы геологиялық барлау колледжі» КМҚК студенттері қатысты.
Шара басында библиограф өлкетану - бұл тарихты ғана емес, сонымен қатар археологияны, ботаниканы, зоологияны, климаттық зерттеулерді, мәдени және өндірістік мұраны қамтитын кең қызмет саласы екенін әңгімелеп, «Прииртышье» өлкетану қоғамының қызметі жайында ақпарат беріп өтті.
Әрі қарай, сөз кезегін алған Альбина Халел Ертіс өлкесінің бай тарихын зерттеуге және насихаттауға зор үлес қосып жатқан қоғам мүшелері туралы, жетістіктері, марапаттары, жобалары мен жоспарлары туралы айтты.
Оқырмандар үшін «Шежіреге толы Семей» тақырыбында слайд ұсынылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды, әдебиеттерге библиографиялық шолу жүргізілді. В.Н.Кашляктың 2 томдық «Семипалатинские арабески», «Семипалатинское купечество: Плещеевы», М.Е.Сасановтың «Из находок краеведа» т.б. өлкетану кітаптары туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Сонымен қатар, кітапханашы жергілікті басылым беттерінде жарық көрген «Удивительные находки краеведов Семея», «Труд во благо», «Подводная история», «Дельбегетей – место загадочное» т.б. мақалалармен таныстырды.
Шара қатысушылары өлкеміз туралы кітаптармен танысып, өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, көптеген деректерге қанықты.
Қонақтарға «Дала мұралары» атты үш тілде жарық көрген фотоальбом табысталды.