Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Адам құқығы басты назарда

31-03-2023, 09:56 SHAKARIM UNIVERSITY

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев өз жолдауларында азаматтардың құ­қық­тары мен бостандықтарының сақ­талуына жете маңыз беріп, адам құқығын қорғау мәселесін саяси жаңғырумен қатар қояды. Адам құқықтарын қорғау бағытының жай-күйі, біздің қоғамның даму деңгейіне әсер етеді деп санай отыра Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде де еліміздегі азаматтардың құқығының қорғалуы баста назарда болуы керектігіне тағы да тоқталды. Сегіз тапсырманың жетіншісі адам құқығын қорғау жүйесін нығайтуға арналды. Ол адам құқықтары саласын­дағы жағдай мен азаматтық қоғамның сұраныс­та­ры, сонымен қатар құқықтық жүйені одан әрі нығайту туралы айтып, билік өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

«Заңдарымыз Конституцияға толық сай болуы керек. Парламент осы маңызды мәселеге байланысты табандылық танытып, басты рөл атқаруы қажет. Бұл жұмыс азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесін күшейте түсуге мүмкіндік береді»,- деді Қ.К. Тоқаев.  

Қолданыстағы заңна­ма мен сот тәжі­рибесін қайта қарау қажетті­гі – ма­ңызды реформа. Ал бұл оңай шаруа емес. Осы тұста құқық қорғау органдары мен депутаттық корпус жұмыстарының тиім­ділігі таразы­ға түсері анық. Бір сөзбен айтқанда, адам құқықтарына қатысты мемлекеттік меке­мелердің барлығына маңызды әрі жауап­кершілігі зор миссия жүктеліп отыр. 

Конституцияның барлық нормасы заң­дарда және заң актілерінде тікелей кө­рі­ніс табуы керек. 

Қазақстан – құқықтық мемлекет. Ал құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуі, елдегі демократиялық процестердің дамуы адам бостандығы мен құқығын сақтау сынды ең асыл құндылықтарымен тікелей байланысты.

Назигүл ГАЗИЗОВА, Шәкәрім университеті, Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының жетекшісі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив