Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

«Алтын Гефест» байқауы: 15 номинация бойынша үздіктер анықталады

31-03-2023, 11:00 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 2 маусымда Астана қаласында жыл сайын Astana Mining & Metallurgy (АММ) Конгресі шеңберінде «Алтын Гефест» 13-ші ұлттық тау-кен металлургия салалық конкурсының нәтижелері жарияланады.

Бүгінгі таңда ТМК-да 600-ден астам тау-кен өндіруші және металлургиялық компаниялар өз қызметін жүзеге асыруда, 2022 жылдың басында сала қызметкерлерінің жалпы саны 273 мыңнан астам адамды құрады. Олардың әрқайсысының индустрияны дамытуға, өнімділік көрсеткіштерін арттыруға және ТМК-ның одан әрі өсу әлеуетіне қосқан үлесі баға жетпес және жұртшылықтың мойындауына лайық. Дәл осы себептен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және ісшараның Бас серіктесі – ERG (Еуразиялық Топта) қолдауымен ұйымдастырылған «Алтын Гефест» салалық байқауы өндірушілердің арасында зор құрметке ие.

Жыл сайынғы құзыретті қазылар алқасының құрамында индустрияның беделді мамандары мен жетекшілік ететін мемлекеттік құрылымдардың өкілдері конкурсқа берілген барлық өтінімдерді (2022 жылдың қорытындысы бойынша 50-ден астам компаниядан 200-ден астам өтінім) қарайды және тау-кен-металлургия саласының үздік мамандарын таңдайды.

«Алтын Гефест» байқауы аясында 2023 жылы 15 номинация бекітілді, оның үшеуі мүлдем жаңа, бұл еңбегі бағаланатын және байқалатын лайықты жеңімпаздар санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Дәстүр бойынша, «Жыл кәсіпқойы» номинациясында жыл сайын төрт марапат болады – Жыл геологы, Жыл кеншісі, Жыл металлургі, Жыл шахтёры.  Биыл алғаш рет жаңа номинация «Жыл кәсіпқойы. Жылдың байытушысы» бектілді.

Оған минералды ресурстар мен техногендік минералды түзілімдерді қайта өңдеу жөніндегі коммерциялық немесе мемлекеттік ұйымда тәжірибесі мол және өндірісте жоғары кәсіби еңбек сіңірген, пайдалы қазбаларды қайта өңдеу саласындағы кәсіпқойлар қатысады.

«Жыл кәсіпқойы. ТМК-дағы әйелдер» номинациясында кәсіби қызметі әріптестеріне үлгі болатын және кәсіби қоғамдастық тарапынан көтермелеуге лайық нәзік жанды арулар ұсынылады.  Жұмысқа орналасуға және мансап құруға қатысты гендерлік теңдік мәселесі, бұл нарықтың барлық ірі ойыншылары ұстанатын ESG тұрақты корпоративтік даму стратегиясының ажырамас бөлігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан қол жеткізуге ұмтылған ББҰ Тұрақты даму мақсаттарының бірі (№5 ТДМ) болып табылады.

Тағы бір жаңа «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы. ТМК саласындағы қазақстандық нарық көшбасшылары жыл сайын өздерінің әлеуметтік бастамаларын дамытуға және қолдауға үлкен инвестициялар салады, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қолдау көрсетеді. 2023 жылдан бастап байқаудың Ұйымдастыру комитеті әлеуметтік науқан мәселелеріне сала компанияларының тартылуы мен қатысуының маңыздылығын ескере отырып, осы номинацияны қосу туралы шешім қабылдады.

Геология, тау-кен істері және металлургия саласындағы кәсіпқойлар, жобалық, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласы туралы жазатын журналистер де «Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы», «ТМК-дағы үздік digital-шешім» (марапаттың Бас серіктесі ERGарнайы номинация) «Жыл педагогы», «Жылдың дипломдық жұмысы», «Жылдың медиа жобасы. Баспа және интернет-ресурстардағы ТМК туралы үздік журналистік жұмыс», «Жылдың медиа жобасы. Теледидардағы ТМК туралы үздік журналистік жұмыс», «Үздік ESG стратегиясы» номинацияларында жеңіске жету үшін таласады.

«Жыл тәлімгері» номинациясы - жас ұрпақ үшін мамандықтың маңыздылығы мен құндылығын сақтау үшін жаңа, бірақ өте маңызды. Номинацияның мақсаты-тау-кен, металлургия, өңдеу және басқа да салалардың дамуына елеулі үлес қосқан, әріптестер үшін бұрыннан үлгі болып келетін, белсенді әлеуметтік және ағартушылық қызмет атқаратын адамдардың жетістіктерін атап өту.

Конкурсқа қатысу тегін, электрондық форматта өткізіледі, бұл ретте кейбір номинациялардың жеңімпаздары ақшалай сыйақы алады. Студенттерге ірі компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі, журналистердің материалдары халықаралық басылымдарда жарияланады. Өтінімдерді жинау қазірдің өзінде ашық және 12 мамырға дейін жалғасады.

Біз ТМК секторына қандай да бір түрде қызығушылық танытқан барлық мамандарды сіздің еңбегіңіз бен жоғары кәсібилігіңіз лайықты бағалануы үшін конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Толығырақ ақпарат сайтта: https://amm.kz/ru/konkurs-zolotoj-gefest/kriterii-otsenki-i-spisok-dokumentov

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив