Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Саясат Нұрбек Беларусь Республикасының елшісімен кездесті

31-03-2023, 11:41 Думан Кенжеғазыұлы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті. Тараптар жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық жайын талқылады.
 
Келіссөздер барысында Саясат Нұрбек Қазақстанда 6 шетелдік жоғары оқу орны филиалдарының ашылғаны туралы айтты, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университеті, М.Қозыбаев атындағы СҚУ базасында Аризона университетінің өкілдіктері бар. Осыған байланысты ол отандық университеттер базасында Беларусь жоғары оқу орынының филиалын ашу идеясын ұсынды.
 
Елші Павел Утюпин Президент А.Лукашенконың тапсырмасына сәйкес Қазақстанға жыл сайын оқуға квоталар бөлінетінін атап өтті. Беларусь тарапының «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өту үшін қазақстандық зерттеушілерді қабылдауға дайындығы туралы хабарлады. Осылайша, екіжақты уағдаластықтарды қолдауға сенім білдірді.
 
Сондай-ақ, елші «Білім беру күндерін» өткізу туралы ұсыныс білдірді. Оның шеңберінде қос дипломды білім беру бағдарламасы таныстырылады.
 
​Іс-шара соңында Ғылыми-техникалық ынтымақтастық және консорциум ашу жөніндегі Қазақстан-Беларусь комиссиясының 8-ші отырысын өткізу бағдарламасы қаралды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив