Облыс әкімі Хорватияның елшісімен кездесті
Облыс әкімі Берік Уәли Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті.
Бүгінде Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жылдан асты. Соңғы жылдары туризм, білім беру және логистика салаларында әріптестік кеңейіп келеді.
Кездесу барысында елші жақында Астанада үлкен бизнес форум өтетінін айтып, Абай облысының кәсіпкерлерін сол шараға қатысуға шақырды. Форумға екі елдің салалық министрліктері мен бизнес қауымдастықтары қатысады деп жоспарланып отыр.
Құрметті қонақ Хорватияның көлік, фармацевтика, ІТ саласында әлеуеті зор екенін атап өтіп, өңірде бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Аймақ басшысы елшіге өңірге арнайы келгені үшін алғыс білдіріп, облыс әкімдігі барлық салада бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты.