Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысы ТЖД азаматтық қорғау органдарының туын табыс етті

31-03-2023, 17:55 Думан Кенжеғазыұлы

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Абай облысына жұмыс сапары барасында ТЖД бастығы Манарбек Шапағатовқа туды табыс етті. Туды табыс ету рәсімі Семей қаласы офицерлерінің гарнизондық үйінде департаменттің жеке құрамының,азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің және дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты кадеттерінің қатысуымен өтті.

Ибрагим Күлшімбаев департаменттің жеке құрамын туды алуымен құттықтады.

Сонымен қатар, И. Күлшімбаев Абай облысы ТЖД дағдарыс орталығында жұмыс кеңесін өткізді, онда 2023 жылғы су тасқыны кезеңінің өтуі мен өрт қауіпті және суға шомылу кезеңдеріне дайындық мәселелері қаралды.

Кеңес барысында «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізіліп жатқан өзгерістерге түсініктеме жасалып, тиісті тапсырмалар берілді.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив