Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.53 601.01 6.43

Үржарлық жас фермер қымыз өндірісін дамытып жатыр

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Дүйсекенов Жасұлан Құрманұлы – табандылық пен туған жерге деген сүйіспеншіліктің арқасында шағын бастаманы болашағы зор, сұранысқа ие бағытқа айналдыруға болатынының жарқын мысалы.

Жасұлан – 24 жаста, Абай облысы Үржар ауданының Үржар ауылынан шыққан. Еңбек жолын Көкөзек ауылында жеке кәсіпкер ретінде бастаған. Бүгінде ол бес баланың әкесі, отбасы қамын шаруашылығын дамытумен қатар алып жүр.

2019 жылдан бастап ол «Алғабас» шаруа қожалығын басқарады. Қожалықтың негізгі бағыты – қымыз өндіру. Грант ұтып алған соң, жас фермер бие сатып алып, кәсібін белсенді түрде дамыта бастады.

Қожалықта 10 бие сауылады, дайын қымыз Ұржар, Науалы ауылдарының дүкендеріне, сондай-ақ Алакөл курорттық аймағына жеткізіледі. Өнімділікті арттыру мақсатында Жасұлан 20 басқа арналған қора салып, бие саууға арналған заманауи аппарат сатып алды.

Заман талабына және нарық сұранысына сай, фермер өнім сапасына ерекше мән береді.

Оның үлгісі – жастарға туған жерінде қалып, ауыл шаруашылығын дамытуға деген шабыт.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив